Түркістан облысында күзгі ағаш егу науқаны басталды. Биыл өңірде 1 миллион түп көшет отырғызу жоспарланған. Оның 700 мыңға жуығы күзгі маусымда егілмек. Жасыл желектің алғашқы легі Түркістан қаласындағы әуежайға апар жолдың жағасына отырғызылды.
Бүгін мыңдаған адамның күшімен 22,5 мың түп ағаш егілді. Оның ішінде 7500 тұт, 6 мыңнан астам жиде, 5 мың өрік пен алша және 3750 қарағаш бар. Әуежай жолының бойын толық көгалдандыру үшін барлығы 87,5 мың түп ағаш отырғызу көзделген.
ҒАЛЫМЖАН ТӨЛЕПОВ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Негізі бізде көшетті облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, біздің орман шаруашылықтарында 14 тұқымбақ бар. Барлық көшет 100 пайыз өзімізден шығарылған көшеттер. Жылда егілген көшеттерді егіп болғаннан кейін, мысалы көктемгісін жаз айларында мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Қатаң бақылауда болады. Қазір облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алгоритм табысталып, босатылған көшет 3 күн ішінде егіледі. Егіп болғаннан кейін мониторинг топ шығып аралап, өнімділігін тексереді.