Түркістан
EN

Сабақтан жиі қалатын оқушылар бақылауда болады

1
17.11.2026

Бұдан былай елімізде сабақтан себепсіз қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады. Жаңа тәртіпке сәйкес, жергілікті білім басқармалары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды бірыңғай есепке алады. Деректер ұлттық білім беру базасы негізінде қалыптастырылады. Оған балаға қатысты толық ақпар енгізіліп, сабақтан жүйелі түрде себепсіз қалатын оқушылар да есепке қойылмақ. Мұндай балалар туралы мәліметтер ай сайын ішкі істер органдарымен келісіледі. Жаңартылған қағидалар биылғы жылдың 21 қарашасынан бастап күшіне енеді.