Түркістан
EN

Қоғамдық кеңестердің құзыреті кеңейе ме?

1
17.11.2026

 Елімізде 264 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамында 4 мыңға жуық азамат бар. Биылдың өзінде кеңес мүшелері тұрғындардан түскен 900-ден астам өтінішті талқылаған. Оның 60 пайыздан астамы шешімін тапқан. Енді осы құрылымның жұмысын жетілдіру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Түркістанда өңіраралық диалог алаңы өттіп, жиынға қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар Құрылтай депутаттары қатысты. Олар қолданыстағы заңның тәжірибеде орындалуын талқылап, оны жетілдеру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. 

КЕРІМХАН ҚАДЫРБЕКОВ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ 

Кез-келген зекті мәселелерді қоғамдық кеңестің мәжлістерінде талқылау үшін облыстық көлемінде аудандарға бару керек, көзбен көру керек, зерделеу керек. Сол мәселеге тиісті жағдай жасалу керек.