«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі сауда саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Оның бірі кәсіп иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік үшін салынатын қосымша құн салығы. Кеңес мүшелері салық мөлшерлемесін 16 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Дегенмен, сауда министрлігі бастаманы мақұлдамастан бұрын өндірушілер мен тұтынушыларға тигізер әсерін бағамдап алған жөн дейді. Киім-кешекті таңбалау мәселесі де назардан тыс қалмады. Партия төрағасы орынбасарының айтуынша бұл істе есеп жүргізу жүйесін автоматтандыру, жұмыс үдерісін қайта құру қажет екен.