Түркістан
EN

Жеміс сақтайтын қойма салынады

9
17.11.2026

Түркістан облысы Жетісай ауданында заманауи жеміс-көкөніс сақтау қоймасы мен өнеркәсіптік жылыжай салынады. Жобаның жалпы құны 15,6 млрд теңге. Қазіргі таңда Асықата кентінде сыйымдылығы 8 мың тонналық қойманың құрылысы басталған. Жобаның жүзеге асу барысын облыс әкімі инвесторлармен талқылады. Нысан іске қосылған соң 30 тұрақты, 100 маусымдық жұмыс орны ашылады. Инвестициялық жобаны жыл соңына дейн пайдалануға беру жоспарда бар.