Үйімізде жарық сөнбей, қала тіршілігінің бір сәтке де тоқтамауы — биік бағаналар мен жоғары кернеулі желілердің бойында тынымсыз еңбек етіп жүрген мамандардың арқасы. Солардың бірі — он екі жылдық тәжірибесі бар білікті электрик Олжас Әбілханұлы. Өз ісінің нағыз шебері екенін халықаралық деңгейде де дәлелдеген маманның бір күні қалай өтеді? Қауіпті әрі жауапты кәсіптің қыр-сырын тілшіміз біліп қайтты.
Биікке шығып, электр сымын ұстауға көп адамның жүрегі дауалай бермейді. Ал Олжас үшін үйреншікті жұмыс жағдайы. Электр желілерін тексеру, ақауды анықтау, қауіпсіздікті сақтау – оның күнделікті міндеті. Оның осы салада жүргеніне 12 жылдан асқан.