2050 жылға қарай әлем халқы қарапайым жұқпалы аурулардың өзінен жаппай көз жұмуы мүмкін. Дүниежүзілік сарапшылар осындай дабыл қағуда. Бұған басты себеп – тұрғындардың антибиотиктер мен түрлі дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауынсыз тұтынып, өздігінен ем іздеуі. Мұндай емделудің соңы неге әкеп соғады?
Басы ауырса – парацетамол, тіс ауырса – Кетанов, іші түйілсе – Но-шпа. Көпшілік үшін бұл дәрілер күнделікті тұрмыстағы алғашқы көмек құралына айналған. Ауырсынуды басқан соң, дерттен де арылғандай күй кешеміз. Алайда дәріні дәрігер кеңесінсіз, қайта-қайта қабылдау ағзаға қандай қауіп төндіреді? Ауырсынуды уақытша тоқтатқанымен, оның салдары әлдеқайда күрделі болуы мүмкін.