Түркістан
EN

Балаларының алдындағы міндеттерін орындамайтын ата аналар көбейді

1
17.11.2026

Бүгін ел Құрылтайының тұңғыш Үкімет сағаты отырысы өтті. Басқосуда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды. Онда балалардың құқығын қорғау, денсаулық сақтау, білім беру бойынша 70-тен аса мәселе қамтылған. Сондай-ақ халық қалаулылары 3 заң жобасын әзірледі. Бұл туралы тілшіміз толықтырады. 

Қазір елімізде 7 миллионға жуық бала бар. Бұл – халықтың үштен бірі. Бүлдіршіндер үшін соңғы бес жылда 1000-нан аса білім ошағы салынды.  Алайда, балаларды кешке мектепке ауыстыру тыйылмай тұр. Осы жылы 941 оқушы кешкі мектепке көшірілген. Бұл – жасөспірімді күндіз үй жұмысына жегетін ата-аналардың тапқан амалы. Құрылтай төрағасының орынбасары мәселені шешетін бұйрықты жеделдетуді ұсынды.