Түркістан
EN

Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту көзделуде

1
17.11.2026

 Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық бизнес өкілдерімен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Отырыс барысында медициналық нысандар салу, заманауи емдеу әдістерін енгізу, дәрі-дәрмек өндірісін жергіліктендіру және халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамалар көтерілді. Үкімет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуда жеке инвестициялардың маңызды екенін айтады. Қазіргі таңда 390 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік беретін сегіз ірі фармацевтикалық жоба пысықталуда. Сонымен қатар соңғы үш жылда өңірлерде 800-ден астам медициналық нысан салынған. Кездесуде сөз алған ірі компания өкілдері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сирек кездесетін ауруларды емдеу, өндірісті локализациялау және инвестициялық ортаны жетілдіру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.