Ордабасы ауданында Ұлттық валюта күні ұлықталды. Оған қоса қаржы саласы қызметкерелерінің кәсіби мерекесіне байланысты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға сала арадагерлері, үздік мамандар қатысты. Оларға өңір басшылығы еткен еңбегі үшін алғыс білдірді.
Мәдениет үйінде меймандар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда кезінде қаржы қызметкерлері қолданған заттардың түпнұсқасы, тиыннан теңгеге дейінгі даму кезеңінің суреттері қойылған. Мамандар қазақ даласында сауда-саттық көне дәуірде де болғанын естен шығармауымыз керек дейді.