Түркістанда мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті. «Мемлекеттік коммуникация: масс-медиа мен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздері» тақырыбындағы жиынға облыстық басқармалар мен мемлекеттік органдардың жауапты мамандары қатысты. Басқосу барысында мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс орнатып, қоғаммен коммуникация жасау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі күрделі әрі шулы жағдайлардың алдын алып, сауатты ақпарат тарату жолдары сөз болды.
АЛМАТ САДУАҚАС – ЖУРНАЛИСТ, САРАПШЫ
Алгоритмдерге жұтылып, теріс тақырыптар алға шығып кетеді. Кәсіби, анализбен жасалған материалдар қалыс қалып қалады. Осы сәтте мемлекеттік саясатты насихатқа емес, халықтың сеніміне айналдыруымыз керек. Ал оның жолы – тіл. Бүгінгі семинар сол жолдарды үйретуге бағытталған. Қазіргі басшыларға, жаттанды кеңсе тілі емес, қарапайым шынайы тіл жетіспейді.