Түркістан
EN

Қариялар тазалық акциясын қолдады

13
16.11.2026

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдаған түркістандық зейнеткерлер флешмоб ұйымдастырды. Қариялар таза ауада бас қосып, азаматтық белсенділігін көрсетті. Жасы 60-тан асқан қатысушылардың жігері мен өмірге деген құлшынысы көпке үлгі. Мұндай бастаманың негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғауға үн қосып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осылайша қариялар, жас ерекшелігіне қарамастан спортпен шұғылданудың маңызын көрсетті. Еске салсақ, бүгінде аталған акция аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі бстамалар жүзеге асуда.