Түркістан
EN

Заңсыз ломбард желісінің жұмысы әшкереленді

11
16.11.2026

Заңсыз жұмыс істеп, 102 миллион теңге табыс тапқан ломбардтың әккі әрекеті әшкереленді. Тергеу мәліметінше, «01market» желісі 2021 жылдан бері тиісті лицензиясыз қызмет көрсетіп келген. Олар арнайы рұқсаты болмаса да, тұрғындардың бағалы заттарын кепілге алып, қарыз берген. Заңсыз табылған мүлікті тәркілеу үшін сот шешімімен кәсіпкердің екі пәтеріне, үш автокөлігіне және екі кеңсесін сатуға, меншік құқығын ауыстыруға  тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

ЕРНАР ТАЙЖАН ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ 

Қарыз қолма-қол ақшамен беріліп, оның пайызы, мерзімін ұзартқаны үшін алынатын төлемдер мен айыппұлдар аталған кәсіпкерлік субъектілерінің шоттарына түсіп отырған. Қарыз 30 күнге беріліп, оған күніне 0,25%-ға дейін сыйақы есептелген. Қарызды уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, ол төленбеген жағдайда кепілге қойылған мүлік сатылған.