Түркістан
EN

Әскери бөлімнің кітапханасы түркі халықтарының әдебиеттерімен толықты

12
16.11.2026

 Түркістандағы Ұлттық ұланның 5574 әскери бөліміндегі  кітапханасы жаңа туындылармен толықты. Бұл игі іс, киелі шаһардағы түркітілдес халықтар кітап қоры мен әскери бөлім арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде іске асып отыр. Бүгінде, әскери бөлімде еліміздің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұлт өкілі Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Сондықтан, ұландықтардың кітап сөрелеріне өзбек, ұйғыр, түркімен, қырғыз, әзербайжан, татар және басқа да бауырлас халықтардың тіліндегі шығармалар қойылды. Мұндай бастама жауынгерлердің өз ана тілінде кітап оқып, туған халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек тануына мүмкіндік бермек. 

МИРАС ҚҰРМАНҒАЗЫ - 5574 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ        

Кітап адамға рухани білім мен тәрбие беретін рухани қазына. Әскери бөлім кітапханасы сарбаздарға бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда әртүрлі тақырыптағы әдебиеттеремн танысып, өзімізге қажетті мағлұмат аламыз. Менің ойымша, кітап оқу әр адамның күнделікті дағдысына айналуы керек. Себебі, кітап оқыған адам үнемі ізденісте болады, жаңа нәрселерді үйренеді.