Түркістан
EN

«Көлеңке»: сталкинг мәселесі талқыланды

14
16.11.2026

Соңғы жылдары қоғамда жиі талқыланып жүрген өткір мәселелердің бірі — сталкинг. Яғни адамның рұқсатынсыз соңынан аңду, мазасын алып, жеке өміріне заңсыз қол сұғу. Бұл тақырып белгілі журналист, қоғам қайраткері Дана Нұржігіттің «Көлеңке» атты кітабы аясында жастармен өткен кездесуде кеңінен қозғалды. Жиында жеке шекараны құрметтеу мен психологиялық қысымның ауыр зардаптары түсіндірілді.

Автордың айтуынша, кітап атауының өзі терең символдық мәнге ие. Ол бұл шығарма арқылы қоғамдағы күрделі құбылыстар мен көп жағдайда жабулы қазан күйінде қалатын өзекті мәселелерге назар аударуды көздеген. Еркін форматта өткен басқосуда туындының мазмұны мен негізгі идеясы кеңінен талқыланды.