Түркістан
EN

«Ашық диалог – тиімді әріптестік» тақырыбында кездесу өтті

11
16.11.2026

«Ашық диалог – тиімді әріптестік» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы және мерзімді басылымдардың басшылары қатысты. Дәлірек айтсақ, өңірдің бас басылымы «Оңтүстік Қазақстан» мен аудандық газеттердің бас редакторлары ақпарат саласындағы түйткілдерге тоқталды. Мәселен, белгілі журналист Абай Балажан кадр тапшылығы туралы қынжылысын білдірді. 

АБАЙ БАЛАЖАН, «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 

- Бұрын біз бүйтетінбіз, жасыратыны жоқ. Рубрикалар ойлап табатын едік. Қазір оның барлығы қалып бара жатыр. Қазір күнкөру. Адам кетіп қалмау. Әйтеуір, түрі адамға ұқсайтын адамды әкеліп журналист етіп жатырмыз.