Түркістан
EN

Ауызсу мәселесі шешіліп, жаңа зауыт салынады

13
16.11.2026

Төлеби ауданында ауызсу жүйесі жаңартылып, балық шаруашылығы дамып келеді. Қазір мұнда бірнеше инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр. Ал кәсіпкерлік нысандар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беруде. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров ауданға жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралап, тұрғындармен кездесті.

Алдымен өңір басшысы «Достық-2» су ұңғымасының жұмысымен танысты. Былтыр іске қосылған нысан бүгінде 8200-ден астам абонентті таза ауызсумен қамтып отыр. Мұнда тәулігіне тұтынушыларға 8900 текше метр тіршілік нәрі жеткізіледі. Ал ұңғыманың жалпы жобалық қуаты 10 мың текше метрден асады. Бұдан бөлек, қазір ауданда 21 елді мекенді сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған 10 жоба жүзеге асырылып жатыр.