Қарағанды облысы Жаңарқа ауылының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің сапасына шағымданды. Тұрғындардың сөзінше, үйдің кірпіштері цементсіз қаланған.
Бейнежазбада қабырғасы тұрғызылған нысанның үстіне шығып, кірпіштер еш бекітілместен, цементсіз қаланғаны көрінеді. Қазір видео әлеуметтік желіде таралып жатыр. Осы жағдайға байланысты жергілікті билік тарапынан тексеру жүрді.
Құрылыс басында бас мердігер, техникалық қадағалау мамандары болмағандықтан, аталмыш мамандар шақырылып, қосымша кездесу жоспарланды. Жауапты құрылыс жетекшісіне құрылысты тоқтату туралы тапсырма берген.