Түркістан
EN

Ақдала ауылына көгілдір отын келді

11
13.11.2026

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіне көгілдір отын келді. Үш мыңнан астам халқы бар елді мекенді газдандыру жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарын табиғи газбен толық қамту алдағы екі жылда аяқталмақ. Тілшіміз тарқатады.

Бұған дейін Ақдала жұртшылығы қыстан қысылмай шығу үшін жыл сайын тонналап көмір түсіріп, от жағып, күл шығарудың машақатын көріп келді. Енді бұл бейнет артта қалды. Биыл ауылға табиғи газ тартылып, елді мекеннің тыныс-тіршілігі жандана түсті. Құрылыс-монтаж жұмыстары маусым айында басталған. Қазіргі таңда алғашқы болып Бейсен Онтаев көшесінің тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр.