Түркістан
EN

56 көлікті жалған құжатпен шетелге сатқан

11
13.11.2026

Ішкі істер министрлігі көлік алаяқтығымен айналысқан ірі қылмыстық топтың жолын кесті. Күдіктілер банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеп отырған. Кейін темір тұлпарларды ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарып, қайта сатып жіберген. Алдын ала дерек бойынша, осындай жолмен шетелге 56 көлік алып өткен. Қылмыстық топты құрықтау үшін полицейлер бір мезетте еліміздің 10 өңірінде арнайы операция жүргізді. 

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ  ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 

Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізілді. Олардың алтауы қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел іс-шаралар қылмыстық топтың одан әрі әрекет етуіне тосқауыл қойып, алаяқтықтың жаңа деректерінің алдын алуға мүмкіндік берді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ шетелге шығарылған автокөліктерді іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында.