Түркістан
EN

Дәмханада газ ауа қоспасы жарылды

10
13.11.2026

Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам зардап шекті. Оқиға сағат 10:30 шамасында, бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан нысанда болған. Жарылыс салдарынан дәмхана қабырғасы опырылып, өрт шықты. Сондай-ақ үйдің терезелері мен ауладағы көліктерге зақым келген. Құтқарушылар жарақат алған екі адамды ауруханаға жеткізді, қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 45 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.