Түркістан облысында алдағы екі жылда 108 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 406 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Алайда қыруар қаражат қарастырылғанымен, кейбір аудан-қалалар мен басқармалар инвестиция тарту ісінде сылбырлық танытып отыр. Өңір басшысы өткізген арнайы мәжілісте жоспарды орындауда осалдық танытқан жауаптылардың жұмысын сынға алды. Жиында тағы қандай мәселелер көтерілді? Тілшіміз тарқатады.
Түркістан облысында инфрақұрылымды оңалтуға ерекше басымдық берілген. Алдағы екі жыл ішінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында жүзден аса нысан бой көтермек. Оның ішінде қаражаттың біраз бөлігі денсаулық саласындағы 4 нысан, білім беру саласында 22 нысан, мәдениет саласында 11 нысанға жұмсалмақ.