Түркістан қаласындағы «бірлігіміз – әр алуандықта» жобасы аясында тағылымды шара өтті. Жиынның мақсаты – қоғамдық келісімді нығайтып, этносаралық татулықты сақтау. Әрі мәдени әралуандықты дәріптеу,-дейді жауаптылар. Басқосуда өңірдегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Сондай-ақ «бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Кездесу барысында қоғам белсенділері қайырымдылық, еріктілік және әлеуметтік бастамалар бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Мерекелік бағдарламада фестиваль жеңімпаздары ән мен би арқылы достық пен мәдени бірлікті дәріптеді.
ЖАНАР БЕКТАЕВА - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бірліктің ең биік көрінісі – бір-бірімізге ұқсас емес, бір-бірімізге сүйеніш бола білу.осы қасиет біздің қоғамның күнделікті өміріндегі көрінісі. Түркістан әр адамды бөтенсінбейтін, әр мәдениетті құрметтейтін, еңбегін бағалайтын өңір. Бүгінгі шараның маңызды тұсы да осы. Ел бірлігі мен мәдени ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалау.