Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстары қайта жанданды.. Ұзындығы 3,8 шақырым болатын жоба Шардара мен Арыс өңіріндегі егістіктерге су жеткізеді. 63 мың гектардағы алқап тіршілік нәрімен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы 20 мың тұрғыны бар іргедегі ауылды су басу қаупі азаяды. Қазір құрылыс алаңында екі жүз елуге жуық маман мен елуден астам арнайы техника үш ауысыммен, тәулік бойы еңбек етіп жатыр. Каналдың табаны мен қос қапталы тегіс бетонмен қапталуда. Бұл су шығынын едәуір азайтуға және оны үнемді пайдалануға жол ашады.