Түркістан облысында 70 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары ұрыларды ломбардтарға өткізген тауарлары арқылы тапқан. Күдіктінің бірі бұрын осындай қылмыстары үшін сотталғаны анықталып отыр.
Тәртіп сақшылардың айтуынша, ол таныстары мен туыстарынан тұрақты топ құрып, әрқайсына тапсырма берген. Әр қылмысты жасауға мұқият дайындалып, үй иелерінің күн тәртібін зерттеген. Үйді тонап шыққан соң күдіктіні күйеу баласы көлігімен бірден алып кетіп отырған. Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған әшекей бұйымдарды пұлдап, түскен пайдасын өзара бөліскен.
Қазір қылмыстық топтың үш мүшесі қамауға алынса, тағы біріне бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал жәбірленушілерге 100 млн теңгедей шығын келген.