Түркістан
EN

Кітап оқуға қызығушылық артып келеді

14
11.11.2026

 Түркістан облысында «Кітап оқитын ұлт» марафонына 13 мыңнан астам адам қатысып, 9 миллионнан аса ұпай жинаған. Өңірде оқырман санын арттырумен қатар, кітапхана инфрақұрылымы да жаңарып келеді. Бұл мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Өңірде бүгінде 391 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері олардың материалдық базасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыс атқарылған. Атап айтқанда, жаңадан ашылып жатқан кітапханалардан бөлек, ғимараты ескіргендер жаңа орынға көшірілді.  

БАҚЫТЖАН САДЫҚОВ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасын 2026 жылы жаңа ғимаратқа көшірдік. Созақ аудандық орталық кітапхана, Түлкібас, Сарыағаш, Ордабасы Бадам ауылындағы кітапханаларды жаңа ғимаратқа көшірдік.