«Әділет» партиясы Әйелдер қанаты бизнес, цифрландыру және әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін талқылады. Жиынға кәсіпкерлер, педагогтер, дәрігерлер мен сарапшылар қатысты. Онда Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асырылу барысы сараланды. Кәсіпкерлікті қолдау, ауыл әйелдерінің мүмкіндіктерін кеңейту, медицина сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Сондай ақ, инклюзивті білім беру, отбасыларды қолдау және әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру жайында ұсыныстар айтылды. Жиында айтылған ұсыныс пікірлер тиісті органдарға жолданып, шешу жолы қарастырылмақ.
АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕНОВА – ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ
Президентіміз еліміздің алдына нақты мәселе қойды. Ол халықтық цифрлық экономика құру. Қарапайым тілмен айтақ, жаңа технологияны пайдаланып, халықтың пайдасына жарату деген сөз. Мысалы, егер ауылдағы әйел өз кәсібімен айналысып, ауыл шаруашылығы өнімімен айналысып отқан болса ол тек ауылында сата алады ғой. Ал цифрландыру алаңдары арқылы ол бүкіл Қазақстанға сата алады.