Түркістан
EN

Жалғыз өмір сүретіндер көбейген

2
10.11.2026

Мегаполистің ағыл-тегіл дүбірі мен миллиондардың ортасында жүріп те, өз әлеміне оқшаулану ХХІ ғасырдың ең үрейлі парадоксы. Айналада абыр-сабыр тіршілік, ал кеудеде құлазыған жалғыздық. Бұл жеке бас таңдауы ма, әлде қоғамдағы әлеуметтік суынудың салдары ма? Тілшіміз Дана Қазыбек зерттеп көрді. 

Қалада тіршілік кешіп жүрген  Әсел үшін жалғыздық өзі саналы түрде таңдаған өмір салты. Үйінің әлпештеп өсірген жалғыз қызы қазір ата-анасымен бір қалада тұрса да, олардан бөлек тұрады. Жаны «сепарация», яғни дербестік пен оңашалықты қалайды. Жалғыз өзі киноға барады, жеке шай ішеді, саяқ жүріп саяхаттайды. Өйткені, өз-өзімен қалудан өзгеше ләззат табады.

ӘСЕЛ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жаныңда сырласатын, мұңдасатын адамның болғаны дұрыс деп жатады ғой айнала. Десе де, тұрмысқа шығып та бақытсыз болып жатқан таныстарым жеткілікті. Сол себепті біреумен бақытсыз болғанша. Өзіңмен өзің тұрып бақытты болған мың есе артық деп санаймын. Бұл менің ұстанымым. Иә, маған тұрмыс құруға ниетін білдіретін азаматтар жеткілікті, десе де мен қазір одан үзілді кесілді бас тартамын. Маған балалы болу да, тұрмысқа шығу да қазір қолайсыз.