Мемлекет басшысы соңғы кезде дінге қатысты көне қазақ сөздерінің орнына араб сөздерін жиі қолдану үрдісін сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының оныншы құрылтайында тілдегі орынсыз аудармалар мен жасанды сөздерге қатысты пікір білдірді. Президенттің айтуынша, қазақ тілінде қалыптасқан көптеген балама сөздер қолданысқа енгенімен, кейбір жасанды аудармалардың қажеттілігі күмән тудырады. Ғалымдар мен лингвистерге халықаралық сөздерді жасанды түрде аударуды мысалы, күйсандық, қылтима, себезгі деген жасанды сөздерді тоқтатып, тілдік нормаларды ғылыми негізде жүйелеуді міндеттеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Жалпы осының бәрі өзекті мәселелер. Сондықтан кәсіби ғалымдар өздерінің пікірлерін ортаға салу қажет. Тіл ғылымына қатысты әмбебап бәріне қолжетімді цифрлы жүйе әзірлеу қажет. Бұл міндетті мемлекеттік деңгейде сапалы орындау үшін, құрамына кәсіби тіл мамандары, сарапшылар, ғалымдар кіретін арнайы жұмыс тобын құруды жөн деп санаймын.