Түркістан
EN

Әйелдер қанаты Жолдауда жүктелген міндеттерді талқылады

2
10.11.2026

Мемлекет басшысының ел халқына жолдауында айтылған тың жобалар әр азаматтың, соның ішінде әрбір әйелдің күнделікті тұрмысына тікелей ықпал етеді. Ол қыз-келіншектердің саяси белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге етене араласуына мүмкіндік береді. Түркістанда Әділет партиясының облыстық филиалында осы тақырыпта әйелдер қанаты өкілдерінің қатысуымен келелі жиын өтті. Кездесу барысында жолдауда көтерілген ел дамуының өзекті мәселелері, әлеуметтік-экономикалық міндеттер, қоғамдағы әйелдердің рөлі мен азаматтық бастамалардың маңызы талқыланды.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ       

Бұл жолдаудың кілті негізі адалдықта тұр. Неғұрлым адамдар өздері құлшынып, нәпақа тауып, адал табыс тапқан сайында соғұрлым мемлекет нығаятынына біртұтас халық болатынына сенімді болып отыр. Біздің әйелдер де соны қолдайды.