Қараша да қыр асып, желтоқсан жақындады. Қылышын сүйрете келетін қыс та таяу. Көпшілік көлігі мен үй-жайын қазірден қамдап, керек десеңіз денсаулығын да ойлай бастайды. Сонымен биылғы қыс қандай болмақ және оған қалай әзірленеміз? Бақдәулет Анарбай баяндайды.
Түркістандық Күлдархан Мақұлбекова қос ұлымен бірге тұрады. Балалары күні бойы жұмыста болғандықтан "үйге түн жарымында бірақ келеді",-дейді зейнеткер. Денсаулығына байланысты тысқа да сирек шығады. Сондықтан көгілдір отын кіргізуге әзір мүмкіндігі жоқ.
КҮЛДАРХАН МАҚҰЛБЕКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Көмір жағам, газ кіргізуге шамам жоқ. Мен көмірге үйренген адаммын. Ал енді күн суыйды, маған көмір керек. Маған сол көмірге көмек беретін адам болса, көмір түсіріп берсе. Соған рахмет айтар едім. Балалар келіп мына үйімнің мұржасын тазалап беріп жатыр. Бұған да рахмет.