Түркістан
EN

Бүкірлік – ғасыр дерті

11
10.11.2026

Әлемде 630 милионнан астам адам созылмалы арқа және бел ауруынан зардап шегеді. Өткен ғасырда мұндай дерт егде жастағы жандарда жиі кездесетін. Жасы жетіп, саулығын қарттық жеңгенде болатын қалыпты құбылыс еді. Ал қазір бүкірлікке  жас та, қарт та шалдығатын болды. Бұған не себеп? Әріптесім Шұғыла Ғалиқызы зерттеп көрді. 

Милена Кудерхан бір жылдан бері арқа ауруымен алысып келеді. Әдепкіде ол мойын омыртқасының ара-тұра шым-шым етіп, жайсыздық тудырғанына мән бермепті. Мұны күнделікті компъютерге телміріп, көп қозғалмағаннан деп ойлаған. Онысы дұрыс-ақ. Алайда, дер кезінде дәрігерге жүгінбеген соң, арқа ауруы асқынып кеткен. 

МИЛЕНА КУДЕРХАН – ТҰРҒЫН  

Біраз үйде жаттығулар жасап көрдім. Жүзуге де, спортқа да бардым. Содан кейін арқам бәрібір ауырғанын қоймады. Байқасам, компъютердің алдында отыратын көп адамдың арқасы ауырады екен. Содан қой деп, дәрігерге келдім. Қазір солар жазып берген ем-дом шараларын қабылдап жатырмын.