Жер қойнауын заңсыз қазып, алтын өндірмек болғандардың жолы кесілді. Оқиға Абай облысының Жарма ауданында болған. Қылмыстық топ арнайы ауыр техника және озық жабдықтарды пайдаланып, ешқандай рұқсатсыз кен қазумен айналысқан. Олардың бұл әрекетінің салдарынан 12 мың текше метр тау жынысы қопарылып, жердің құнарлы қабаты бүлінген. Жедел іздестіру барысында Қаржылық мониторинг агенттігі аталған іске қатысы бар 9 азаматты анықтады. Күдіктілерден құрамында алтыны бар 7 қап кен тасы, 2 металл іздегіш құрал, тиегіш көлік пен экскаватор тәркіленді.
ЕРНАР ТАЙЖАН КМА РЕСМИ ӨКІЛІ
Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыстық топ Жаңғызтөбе кентінен 10 шақырым жерде тиісті рұқсатсыз алтын өндірген. Құрамында алтыны бар кенді ашық әдіспен қазып алып, арнайы жабдықтардың көмегімен шайып отырған. Аумақты тексеру кезінде тереңдігі 15 метрлік карьер анықталды.