Түркістанда құрылысшы жұмыс кезінде 5-қабаттан құлап кетті. Осының кесірінен аяғы мен беломыртқасына зақым келген. Ал, құрылысқа жауаптылар болса тіпті жедел жәрдемде шақырмаған. Жәбірленушінің жақындары өтемақы бермек түгілі қызметкеріне хабарласып жағдайында сұрамаған мердігерлерге қапалы.
Оқиға 28-мамыр күні кешкі сағат алтыда дәл мына тұрғын үйдің құрылысы кезінде болған. 30 жастағы Мақсұт Қошқаров көпқабатты үйдің сыртқы әрлеу жұмыстарын жасау кезінде, 5-ші қабатта тұрған саты сынып, жерге құлаған. Қауіпсіздік ережелері дұрыс сақталмағандықтан азаматтың аяғы мен белі сынған. Құрылыс басында құлап жарақат алған азаматты достары сол мезетте Түркістан қалалық орталық ауруханасына алып келген. Дәрігерлердің жіті бақылауына алынған жанның жағдайы қазір бірқалыпты.
Қазір құрылыс басында қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өтемақы төлеуден қашып жүрген мердігерлердің үстінен полиция мен еңбек инспекциясына арыз түскен. Ендігі кезекте құзырлы орган өкілдері істің ақ-қарасын анықтайтын болады.