Түркістан
EN

Ғұмырын ғылымға арнаған

8
10.11.2026

Отырар ауданындағы мектептің мәжіліс залына ауыл шаруашылығы ғылымы докторының есімі берілді. Профессор Әбдірахман Омбаев дәл осы саланы терең зерттеуге бар ғұмырын арнаған. Ғалым мектеп ұжымы және оқушылармен жүздесіп, өз саласындағы бай тәжірибесімен бөлісті. Оған біздің тілшіміз де куә болып қайтты.

Әбдірахман Омбаев Абай атындағы орта мектептің ең алғашқы түлектерінің бірі. Енді, өзі білім нәрімен сусындаған алтын ұяның залына атақты ғалымның есімі беріліп отыр. Салтанатты шараның лентасын ақсақалдар мен алыстан келген қонақтар кесті.

Ауыл шаруашылығында ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар әкелген азамат қой тұқымдарының бірнеше түрін ойлап табуға атсалысқан. Әбдірахман Молданазарұлы елімізден бөлек, Ресейде де мойындалған маман. Жасы сексенге таяған сақа ғалым қазір Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде еңбек етеді. Профессор саладағы сапаны арттыруға әлі де күш-қайратымды жұмсаймын дейді.