Түркістан
EN

Автомобиль жолдары қысқы маусымға дайын ба?

8
10.11.2026

Түркістан облысының автомобиль жолдары алдағы қысқа дайын. Мамандардың мәліметінше, өңірдегі 301 шақырым болатын ақылы жолды күтіп ұстауға 12 жүк тиегіш, 8 автогрейдер және өзге де арнайы көліктер жұмылдырылған. Мұнан бөлек, аймақта республикалық маңызға ие  678 шақырым күре жол бар. Қыс кезінде көктайғақты болдырмау, жол сапасын сақтау үшін 7 мың текше метр құм мен 6 мың тонна тұз әзірленді. Биыл осы саладағы техника тапшылығы да оңтайлы шешімін тапқан.

ЕРБОЛ ПІРІМБЕТОВ – «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Министрлікке хат жолдапхат жолдап техника бөлу мәселесін көтеріп едіңіз. Соған біз жауап алдық. 25 техника бөлінді. Бұрын тиейтін көліктер жетіспейтін.