Түркістан
EN

Бектенов жылу сапасына қатысты шағым көбейген өңірлерді атады

9
10.11.2026

Биыл елімізде жылу желілерін жаңғыртуға жеті жүз тоқсан алты миллиард теңге бөлінді. Бұл — былтырғымен салыстырғанда жиырма жеті пайызға көп. Алайда қомақты қаржы құйылғанымен, кей өңірлерде жылу сапасына қатысты халықтың базынасы азаймай тұр. Әсіресе Ақтау, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындарынан шағым көп түскен. Бұл туралы Премьер-министр бүгінгі үкімет отырысында айтты. Осыған орай Олжас Бектенов өңір әкімдеріне жылыту маусымына жауапты жедел штабтардың жұмысын күшейтіп, тұрғындардың арыз-шағымына дер кезінде жауап беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкімет басшысы аймақтарда халыққа арналған көмір қоры жеткілікті болып, отын бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді қатаң міндеттеді.

 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТР

Қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет. Сонымен қатар өңір әкімдіктері халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауда ұстасын. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтар резервін әзірлеуге тиіс. Жылыту маусымында халықты тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Әлеуметтік нысандарды ерекше назарда ұстаңыздар.