Елімізде су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 746 ирригациялық каналды реконструкциялау қолға алынған. Биыл соның 964 шақырымын жөндеу жоспарланып отыр. Жобалардың негізгі мақсаты – суды тасымалдау кезіндегі шығынды азайтып, су ресурстарын тиімді пайдалану. Сонымен қатар каналдарға су көлемін нақты есептейтін автоматтандыру жүйелері енгізілуде. Бұдан бөлек, 12 гидротехникалық құрылысты жаңғырту, бес су қоймасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 142 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту үшін 12 нысанның құрылысы басталған.