Түркістан
EN

Алатау қаласын дамытудың 30 жылдық жоспары қаралды

10
10.11.2026

Алатау қаласын дамытудың алдағы 30 жылға арналған жоспары әзірленді. Бұл туралы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қалалық кеңесінің отырысында айтылды. Құжатта қаланың аумақтық құрылымы, құрылыс жүргізілетін және табиғи қалпында сақталатын жерлер, көлік пен инженерлік инфрақұрылымның даму бағыттары қамтылған. Жоспар бойынша қоғамдық көлікке басымдық беріліп, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қолайлы ықшам қала қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ жаңа әкімшілік орталық, бірнеше іскерлік және туристік аймақ бой көтереді.

ДЭН РИНГЕЛЬШТЕЙН ӘЛЕМДІК КОМПАНИЯНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ДАМУ, ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ДИЗАЙН ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

Осындай ықшам қалада жаңа әкімшілік орталық пен іскерлік белсенділіктің бірнеше орталығы және су қоймасы маңында туристік аймақ пайда болады. Даму жоспары қала аумағында жеке сектор өкілдері жоспарлаған жобалардың жүзеге асырылуын жеделдетуге де ықпал етеді. Қазір Alatau City қаласына деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Біздің мақсатымыз – осыған қосымша серпін беріп, одан әрі артуына жағдай жасау.