Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль, ал параойындарында 50 жүлде жеңіп алған. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды марапаттау рәсіміне қатысты. Ресми іс-шара Ақорда резиденциясында өтті.
Ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында Азиада төрінде рухты Әнұран шырқалып, көк Ту биікте желбіреді. Қасым-Жомарт Тоқаев жүзден жүйрік шыққан спортшылардың жеңісі – мемлекет үшін шын мәнінде үлкен жетістік және зор мақтаныш, - деп атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл – мемлекетіміз үшін шын мәнінде үлкен жетістік және зор мақтаныш! Баршаңызға жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін! Сіздер құрлықтың ең мықты спортшылары қатысқан дүбірлі дода кезінде ел намысын қорғап, жүзден жүйрік шықтыңыздар! Ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында Азиада төрінде рухты Әнұранымыз шырқалды, көк Туымыз биікте желбіреді.