Түркістан облысында 28 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында инвесторлар қаржысына салынып жатқан көпбейінді аурухана мен перинаталдық орталық та бар. Жобалар іске қосылғанда тұрғындар өзге өңірлерге бармай-ақ, қажетті медициналық көмекті Түркістаннан ала алады.
Былтыр Түркістан облысында 36 медициналық нысан пайдалануға берілді. Биыл да құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қазір шаһарда 80 орындық перзентхана салынып жатыр. Соңғы бес жылда қала халқы 68 мың адамға көбейген. Бұл емдеу мекемелеріне деген сұранысты да арттырып отыр.
БЕЙБІТКҮЛ АҚПАНОВА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұл өте тиімді болайын деп тұр. Барлық халыққа да оның ішінде әртүрлі жаңа заманауи құралдар болғандықтан тиімді халыққа. Және де кез келген ауырып жатқан тұрғындарға өзге ұзақ жаққа бармай, Шымкентке, Астанаға, Алматыға барып жатқан тұрғындарға өте тиімді, өте жақсы, қолайлы деп айтқым келеді.