Түркістанда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жастармен кездесу өтті. «Білімді жастар – ел ертеңі» атауымен ұйымдастырылған шарада жас буынның кітап оқу мәдениеті мен білімге деген құштарлығын арттыру мәселелері талқыланды. Жиында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көкейдегі ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, білімге деген ынтасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
ЖАНАР БЕКТАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Барлық кітапты оқыған кезде менің түсінетіндігім Қазіргі жастардың көзқарасы, қабылдауы басқа. Ол кездердің жастары басқаша. Қазіргі менің жастарым Г. Поттерді оқиды, басқа классиктерді оқиды. Көркем әдебиет адамның сөз байлығын дамытады, ой өрісін көздейді деген сияқты. Мен өзім көркем әдебиетті көп оқуға кеңес беремін жастарға. Жалпы кез келген кітаптан ой туады ғой