Түркістан
EN

Балалардың ойын алаңында әйелдер төбелесіп қалды

10
10.11.2026

Түркістан облысында әйелдер балалар ойнайтын алаңда төбелесті. Жанжал сауда орталықтарының бірінде болған. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға балалар арасындағы жағдай себеп болған. Куәгерлердің айтуынша, келіншектердің бірі өзгенің баласын қағып кеткен. Сөз таласынан басталған даудың соңы ашық төбелеске ұласып, балалардың көзінше әйелдер бір-біріне қол көтерген. Түркістан облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ 

Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжал фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша екі қатысушы арасында жанжал орын алып, соңы біреуінің дене жарақатын алған төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, полиция басқармасына жеткізді, оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу жалғасуда.