Түркістан
EN

Агротехника құрастыратын зауыт жұмыс істеп тұр

14
09.11.2026

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Ақсу ауылында ауыл шаруашылығына қажетті зиянкестермен күресуге арналған алып техникалар құрастырылып жатыр. Залалсыздандыру құралдарын шығарудан бастаған кәсіпорын бүгінде жылына 500 агро көлік шығарады. Зауыттың жұмысымен әріптесім танысып қайтқан еді. Келесі Көркем Әбдіғалидің бейнематериалында.

Ұлан-ғайыр дала төсінде дүрілдеп, будақтата ақ түтін шашқан мына көліктер егістік алқабында зиянды жәндіктер мен кеміргіштерді жояды. Ал, осы алып техникаларды қаңқасынан бастап, әр бөлшегін жалғап, құрастырып беретін арнайы кәсіпорын бар. Ақсу ауылында осыдан он жыл ілгері, қарапайым залалсыздандыру құрылғыларын ғана шығарудан бастаған зауыт, бүгінде ірі өндіріс ошағына айналған. Араға уақыт салып, заман көшіне ілескен кәсіпорын өндіріс көлемін озық техникалармен арттырып, өткен жылдан бастап ресми түрде ашылған. Жергілікті мамандардың қолынан шыққан агро-көліктерге қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінен сұраныс көбейген.