Түркістан
EN

Жақынына жаңа өмір сыйлағандар

16
09.11.2026

Елімізде донор іздеп, ағзасын алмастыруды күтіп жүрген 4 мыңнан астам адам бар. Олардың тоқсан пайызы – бүйрек пен бауыр дертімен арпалысып жүргендер. Биылдың өзінде екі жүзге жуық науқасқа ота жасалған. Бірақ оның басым бөлігі – туыстарының арқасында он екі мүшесі түгенделіп, өмірін жалғап жүргендер. Ал, мәйіттен ағза алуға келгенде қоғамда әлі де қорқыныш пен күмән басым.

Гепатит Б – ағзаны іштен жегідей жейтін қатыгез дерт. Сынақ Гүлмира Құлбатырованы да айналып өтпеді. Бауырдың жұмысы бәсеңдеп, қысқа уақыттың ішінде 20 келі салмақ тастап, реңі солғын тартады. Күдерін үзуге шақ қалған науқасқа жат емес, жақыны қол ұшын ұзады. 24 жастағы інісі әпкесіне бауырының бір бөлігін бөліп берді.

ГҮЛМИРА ҚҰЛБАТЫРОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Гепатит «б» көбіне тіс емдеткенде, маникюр, педикюр жасатқанда қан арқылы жұғуы мүмкін. Мен дәрігер емеспін бірақ өз білетінім осылар. Мен 2018 жылы тіс емдеткенмін, сол уақытта 1 емес 3 стаматолгияда болғанмын. Қайссынан екенін нақты білмей қалдым. Сол үшеуінің біреуінен екенін ішім сезеді. Егер де қатты қан кетсе өміріңізді аман алып қала алмаймыз деп дәрегрлер ескертті. Және тез арада донор керек деді. Інімнің де қорқынышын айтпасам болмайды. Әрине күн жақындаған сайын үрейленді. Оған қарап мен уайымдадым. Інім сізде бәрі жақсы болса болды деді...