Түркістан
EN

Егіздер отан алдындағы борышын бірге өтеуде

13
09.11.2026

Ұқсас келбет, ортақ міндет. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде бес жұп егіз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Олардың сырт келбеттері ұқсас болғанымен, мінездері мен қызығушылықтары әртүрлі. Бозбалаларды  туыстық байланыстан бөлек, Отан алдындағы ортақ міндет те жақындастырады.

Есен мен Аман әскери бөлімге келгеннен бастап бірге қызмет атқарған. Кезекшілікке бірге түсіп, жауынгерлік міндеттерді де қатар орындаған. Алайда олардың  жолы уақытша бөлінді. Қазір олар өздерінен кейін келген сарбаздарға әскери қызметтің қыр-сырын үйретіп, тәжірибелерімен бөлісіп жүр. Ал оған дейін егіздер тіпті бір күн де ажырамай қатар жүрген.

ЕСЕН БАЙДУЛЛАЕВ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 5571 Ә/Б САРБАЗЫ

Бауырымыз екеуміз Отан алдындағы борышымызды өтеуге Ақтөбе қаласынан Алматы қаласына шақыртылдық. 5571 әскери бөлімінің басты мақсаты – жауынгерлік қызмет. Біз бауырымыз екеуміз бірге жүреміз. Бірге нарядқа түсеміз, барлық жағдайда бірге жүреміз.

Ал Қызылордадан шақырылған Нұртөре мен Жантөренің жасы 20-да. Отбасындағы кенже ұлдар білім жолында екі түрлі мамандықты таңдаған. Нұртөре дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерсе, Жантөре фельдшер дипломын алған. Қазір екеуі де әскери міндетін бір бөлімде атқарып жүр.