Түркістан
EN

Интернет казиноларға 191 млрд теңге аударуға көмектескендер ұсталды

15
09.11.2026

 Интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жәрдемдескен топ қамауға алынды. Қаржылық мониторинг мәліметінше, күдіктілер өздерінің бақылауындағы үш компанияның төлем жүйесін пайдаланып, шетелдік интернет-казинолардың пайдасына ақша аударып отырған. Ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын жасыру үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің деректемелері пайдаланылған. Кейбірі өз деректерінің пайдаланылғанынан бейхабар болған. Олардың атына интернет арқылы төлем қабылдайтын терминалдар тіркелген. Ал, ақша  жалған шарттар мен арнайы жасалған сайттар арқылы ақша тауарлар мен қызметтері үшін төленгендей етіп  көрсетілген. Қаражат шетелдік тараптарға, соның ішінде криптовалюта арқылы жіберілген.

ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

Олардың қатарында Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet және 1WIN интернет-казинолары бар. Жүргізілген төлем операцияларының жалпы көлемі 191 млрд теңгеге жеткен. Ал күдіктілер алған комиссиялық сыйақы 286 млн теңгені құраған.