Түркістан
EN

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

13
09.11.2026

Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестікті жаңа белеске көтерді. Мемлекет басшыларының қатысуымен қос елдің үкімет мүшелері 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойды. Бұл келісімдер энергетика, өнеркәсіп, сауда және цифрландыру сынды стратегиялық салаларды толықтай қамтиды. Атап айтқанда, қос тарап 2030 жылға дейін өзара тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын бекітіп, электр энергетикасы мен мұнай өнімдерін жеткізу бағытында ортақ мәмілеге келді. Сондай-ақ келіссөздер нәтижесінде тау-кен металлургиясын тереңдету, жасанды интеллект пен электрондық коммерцияны дамыту бойынша меморандумдарға қол қойылды. Оған қоса, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, зейнетақы саласында ақпарат алмасуға және медиа саласында тәжірибе бөлісуге бағытталған нақты қадамдар белгіленді. Мамандардың бағалауынша, бұл келісімдер қос мемлекеттің экономикалық әрі рухани байланысын жаңа деңгейге көтермек.