Шығыс Қазақстан облысында, бұқтырма су қоймасына балық аулауға шыққан 4 ер адам жолдан адасып кеткен. Балықшылар қараңғы түскен кезде қалың қамыстың арасынан шыға алмапты. Бағыт бағдарынан жаңылып, төтенше жағдай мамандарын шақыртуға тура келген. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, бір топ балықшыны көлігіне дейін жеткізіп салған. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі балық аулауға шыққанда мезгілді бағамдап баруды ескертеді.