Түркістан
EN

Шардара: 9 айда жалпы өңірлік өнім 119,6 млрд теңгеге жетті

15
09.11.2026

Шардара ауданының экономикасында оң серпін бар. Биылғы тоғыз айда өңірдің жалпы өнімі 119 миллиард 600 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 пайызға артқан. Жиында облыс әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсартуды тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы ел игілігіне берілген нысандарды тілге тиек етті. Атап айтқанда, Шардара қаласында 300 орындық жаңа мектеп ашылып, үш білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілген. Бұдан бөлек, заманауи медициналық орталық пен спорт кешені пайдалануға берілді. Өз кезегінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев өңірдің негізгі даму бағыттары мен бюджет түсімдері жайында есеп берді.